• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:32:49
Алматы
+35°

Pесей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Мәскеу НАТО-дағы дипломатиялық миссиясын тоқтатады.

Сонымен қатар, НАТО-ның Мәскеудегі кеңсесінің қызметкерлері қараша айына дейін аккредитациядан айырылады.

НАТО осы айдың басында Мәскеудің сегіз дипломаты барлау офицері болып жұмыс істейтінін айтып, Ресей миссиясынан шығарып жіберген.

НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынас Мәскеу 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін шиеленіскен.

Лавров ресейлік БАҚ-қа НАТО қызметкерлерінің аккредитациядан айырылатыны "НАТО-ның әрекеттеріне жауап" екенін растап, әскери альянсты "әділетті диалогқа мүдделі емес" деп айыптады.

"Егер НАТО мүшелеріне шұғыл мәселелер туындаса, олар осы сұрақтар бойынша біздің Бельгиядағы елшімізге хабарласа алады" деп келтіреді Лавровтың сөзін ресейлік БАҚ.

Хабарламадан кейін НАТО Ресейдің шешіміне назар аударғанын мәлім етті.

"НАТО-ның Ресейге қатысты саясаты тұрақты болып келеді. Біз Ресейдің агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде тежеу ​​мен қорғанысты нығайттық, сонымен бірге біз диалогқа ашықпыз" деді НАТО өкілі Оана Лунгеску.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАТО Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір