• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:48:34
Алматы
+35°

16 қазан күні Өзбекстан мен Ауғанстан  шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Ауғанстан арқылы өтетін көлік дәліздерінің құрылысы туралы келіссөздер өткізді. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Өзбекстан делегациясын премьер -министрдің орынбасары -инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков,  Ауғанстан тарапын Ауғанстанның уақытша үкіметі басшысының міндетін атқарушы Абдул Салам Ханафи басқарды.

Келіссөзде делегациялар ортақ шекараның қауіпсіздігін, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалы мен транзит саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Тараптар сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін де қарастырды.

"Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, атап айтқанда, Сурхан-Пули-Хумри электр желісінің құрылысы мен Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар темір жолының құрылысына ерекше назар аударылды" деп хабарлады  сырты істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар талқыланған мәселелер бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Өзбекстан Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір