• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:36:24
Алматы
+35°

Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны қаржылық пирамиданың құрбаны болып өзіне қол жұмсада. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады. 

Бүгінде жүздеген адам тағы бір қаржылық пирамиданың құрбаны болып келеді. Бұл жолы алаяқтар автосалон сатушысы ретінде арзан көлік алып береміз деп алдаған. Бірақ ақшаны алып, қайтармаған. 

Компанияға шағымданушылардың бірі Ильин Демьянның айтуынша, алаяқтарға алданған шымкенттік тұрғын төмен бағада көлік сатып алып қайта сату үшін алаяқтарға 200 миллионнан астам қаржы берген.

Кәсіп жасамақ болған жігіт қомақты ақшаны жақындарынан, банктерден алған. Оған уәде етілген көліктерді компания 1 жарым жыл бойы "әне береміз, міне береміз" деп созбақтаған. Ақыр соңы алданғанын түсінген азамат өз өзіне қол салады.

– Біз оның анасымен байланысқа шықтық. Оның да қолында келісімшарт болған. Компания басшысы ешнәрсе істей алмайсың деп шығарып салған. Ақыр соңы жігіт өзіне қол жұмсады, –  деді Шымкент қаласының тұрғыны Демьян Ильин.

Оның айтуынша, аталмыш компания автокөліктерді нарықтағы бағадан 1,5-3 миллионға төмен көрсеткен. Бастапқыда олар сенімге кіру үшін тапсырыс берушілерге 10-нан астам автокөлікті уақытылы, уәде етілген бағада жеткізген.

Сондықтан Демьянда да күдік болмаған. Кейін ғана бір шикіліктің барын түсініп, өзі секілді өзге жәбірленушілерді іздестірген. Алданғандар әсіресе Нұр-сұлтан мен Шымкент қалаларында көп.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір