• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:43:53
Алматы
+35°

Қазақстанның сыртқы қарызы 166 млрд доллардан асты. Бұл туралы LS редакциясы хабарлады.

Ұлттық банктің дерегі бойынша елдің берешегі 2021 жылғы 1 шілдеде 166,7 млрд долларды құраған. Бұл көрсеткіш  2020 жылға қарағанда $6,9 млрд-қа немесе 4,3 пайызға артқан. 

Қарыздың ең көп көлемі Нидерланды еліне тиесілі – $ 44,7 млрд. Бір жыл ішінде ол 0,2 пайызға қысқарған. Ал Қытай алдындағы қарыз – 4,7 пайыз, $9,7 млрд-қа, Жапония алдындағы берешек – 3,5 пайыз, $5,5 млрд-қа дейін азайған. 

Халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бір жыл ішінде – 15 пайыз, $11,4 млрд-қа дейін өскен. Ресей алдындағы берешек 8,5 пайыз, $9,7 млрд-қа, Бермуд аралдарына 7,3 пайыз, $10,2 млрд-қа, Ұлыбританияға 6,9 пайыз, $23,3 млрд-қа дейін артқан. 

Сонымен қатар, Қазақстан Виргин аралдарына $2,9 млрд, БАӘ-не – $2,4 млрд, Германияға $2,3 млрд қарыз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан қарыз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір