• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:35:57
Алматы
+35°

Алматы облысының тұрғыны өзінен көлік сатып алуға келген азаматты пышақтап, 10 млн теңгесін алып кетті, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасы кезекші бөліміне аудандық ауруханаға арқасына пышақ сұғылған Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны келіп түскені туралы хабарлама түскен. Полициядағылар бұл фактіні тіркеп, іздеу шараларын бастаған.

– Көлік сатып алушымен кездескен күдікті суық қару қолданғаны белгілі болды. Ол жәбірленушінің Toyota Camry 70 автокөлігін сатып алуға арналған шамамен 10 миллион теңге көлеміндегі ақшасын алып алған, – дейді Еңбекшіқазақ аудандық ПБ бастығы Жақсылық Алтынбаев.

Көлік сатып алушы мен сатушының кездесуі, ақша беру процесі Есік қаласында болған.

– Ер адамды тез анықтап, ұстау мүмкін болды. Оны куәгерлер де, жәбірленуші де таныды. Ол Есік қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 4-бөлігі, 1-тармағы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді Жақсылық Алтынбаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы Есік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір