• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:11:07
Алматы
+35°

Бүгін парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде бірқатар қауіпті аурулар тіркелмегенін хабарлады.

2021 жылғы 8 айда оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелген жоқ. 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 23 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде жіті вирустық гепатиттермен 3 есе, менингококк инфекциясымен 2,6 есеге төмендеуі байқалды. Биыл қызылшамен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдайға дейін төмендеді, – деді А. Цой.

Қазақстан Республикасының аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары: оба, туляремия, сібір жарасының, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның және басқалардың топырақтағы ошақтары бар.

– Обаның табиғи ошақтары республика аумағының 39%-ын алып жатыр. Обаға қарсы қызмет жыл сайын эпизоотологиялық мониторинг жүргізеді және табиғи ошақтардың белсенділігі анықталатын аумақтарда профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде вакцинация жүргізіледі, – деді денсаулық сақтау министрі.

Министр соңғы 3 жылда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттану бір деңгейде сақталатынын еске салды. Жылдың өткен кезеңінде аурудың 18 расталған жағдайы анықталған. Жыл сайын халық арасында сібір жарасының кездейсоқ жағдайлары тіркеледі. 2021 жылдың өткен кезеңінде 6 облыстың тұрғындары арасында сібір жарасының 17 жағдайы тіркелген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алексей Цой

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір