• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қазан, 17:07:30
Алматы
+16°

Премьер-министр Асқар Мамин "2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы" №713 Үкімет Қаулысына қол қойды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Үкіметі демалыс күндерін 2022 жылғы 5 наурыздағы сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге; 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етеді" делінген 2021 жылғы 6 қазандағы Қаулы мәтінінде.

Қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: үкімет қаулысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір