• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:19:06
Алматы
+35°

Оралда жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 қазан күні сағат 16:15 шамасында Абай даңғылында болған. 

Екінші базалық аялдама жанында Lada Priora мен Mercedes көліктері соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан "Lada" көлігінде отырған екі адам – 2000 жылы туған бойжеткен мен 1985 жылы туған ер адам қайтыс болды. Олардың денесі апатқа ұшыраған көліктен құтқарушылар көмегі арқылы шығарылған.

"Жол-көлік оқиғасы болған жерде оқиғаның себептерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті жүргізушілерге және басқа жол қозғалысына қатысушыларға жолда абай болуды және мұқият болуды, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді" деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.




 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Орал

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір