Судья Ернар Қасымбеков айыпталған 13 белсендіге төмендегідей жаза тағайындаған:
-
Абай Бегімбетов – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған);
-
Асхат Жексебаев – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған);
-
Қайрат Қылышев – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған);
-
Ноян Рақымжанов – 5 жыл бостандығынан айыру, 5 жылға қоғамдық саяси жұмыспен айналысуына тыйым салу (405-бап 1,2-тармағы бойынша айыпталған).
Басылым судья бұл төртеуі жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтімін мәлімдегенін хабарлады.
Сот 405-баптың 2-тармағы бойынша айыпталған тоғыз адамға төмендегідей жаза тағайындаған:
-
Дәметкен Аспандиярова – 2 жылға бостандығын шектеу;
-
Бақдәулет Әлібеков – 1 жыл бостандығын шектеу;
-
Диана Баймағамбетова – 2 жылға бостандығын шектеу;
-
Гүлзипа Жаукерова – 1 жыл бостандығын шектеу;
-
Нинагүл Жұманиязова – 1 жыл бостандығын шектеу;
-
Ермек Қозиев – 1 жылға бостандығын шектеу;
-
Марат Құрбанов – 1 жылға бостандығын шектеу;
-
Болат Смағұлов – 1 жылға бостандығын шектеу;
-
Дархан Уәлиев – 1 жылға бостандығын шектеу.
2020 жылғы желтоқсан айынан бері Алматының тергеу абақтысында отырған Абай Бегімбетов, Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Ноян Рақымжановтың қамаудағы әр күні бір жарым күн деп есептелінеді деп хабарлады судья. Диана Баймағамбетованы қамаудан босатып, оған шартты жаза тәртібін түсіндірді. Сот Дәметкен Аспандиярованың осы кезге дейін үйқамақта болғанын есепке алып, ол жазасын өтеген болып есептелінді. Аспандиярова 2020 жылғы 23 қыркүйекте ұсталып, сот шешімімен үйқамақта болған.
Бүгін шыққан үкіммен келіспейтінін мәлімдеген айыпталушылар мен олардың адвокаттары апелляцияға шағым беретінін айтты.
Пікір қалдыру
пікір