• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:07:53
Алматы
+35°

Алматы облысында үш көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды. Жол апатының бейнежазбасы kris.p.almaty | Official Telegram  парақшасында жарияланды.

Оқыс оқиға 8 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында болған. 

"Еңбекшіқазақ ауданында 20 жастағы Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 39 шақырымында рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi C4 және Toyota Camry көліктеріне соғылған. Салдарынан Mersedes Benz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 адам түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді" делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазір аталған іс қылмыстық кодекстің 345 бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір