• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қазан, 17:13:41
Алматы
+16°

Фото: BBC.con

АҚШ ядролық сүңгуір кемесі Оңтүстік Қытай теңізі маңындағы су астында "белгісіз затқа" тиіп, оннан астам америкалық жауынгер жараланды. Бұл туралы BBC хабарлады. 

АҚШ шенеуніктерінің хабарлауынша, соқтығыстан он бес әскери адам жарақат алған.

Олардың мәліметінше, қақтығыстың неден болғаны әзірге белгісіз.

"Бұл оқиға қытай соғыс ұшақтары Тайваньның әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына басып кірген кезіне тұспа-тұс келді" деп жазады BBC. Соңғы уақытта Қытай, Тайвань, АҚШ арасында шиеленіс ушыға түскен.

Вашингтон әскери-теңіз күштерінің өкілі суасты кемесі АҚШ-тың Гуам аумағына қарай бет алғанын айтты.

Ядролық соғыс кемесінің қозғалтқыш қондырғысы мен кеменің өзі сау екені және толық жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.

Бейжің Оңтүстік Қытай теңізінің көп бөлігін беруді талап етеді, бірақ көрші елдер және АҚШ оған келіспейді.

Филиппин, Бруней, Малайзия, Тайвань және Вьетнам ондаған жылдар бойы Бейжіңмен территория үшін дауласып келеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ Тайвань

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір