• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қазан, 17:14:27
Алматы
+16°

Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазандағы эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 1896 адамнан коронавирус, 187 адамнан пневмония анықталған.

06 қазандағы дерек бойынша, елде коронавирустан 37, пневмониядан 6 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 900 121-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 76 906.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 810 611 адам, 2-компонентін 6 828 545 адам салдырған.

8 қазандағы мәлімет бойынша, 54 850 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 469 пациент стационарда, 45 381 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

717 адамның жағдайы ауыр, 207 пациенттің жағдайы өте ауыр, 136 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта – Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір