• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:56:47
Алматы
+35°

Атырау облысының тұрғындары шөп өртенуі салдарынан қайтыс болған 3 баланың өлімін өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері біраз уақыт бойы жасырғанын айтады. Өрт болып жатқан уақытта жоғалған Рахман, Ислам және Нұрбақыт есімді 1-сынып оқушылары іздестірілуде болған. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлады.

Махамбет ауданы Ортақшыл ауылындағы аулалардың бірінде шөп жанып жатқанын және балалардың онда екенін ешкім білмеген. Өрт кезінде ауыл тұрғындары балаларды іздеуде болған. Алдын-ала болжам бойынша балалар Жайық өзеніне батып кеткен немесе қалаға кетіп қалған болар деген түрлі ойлар болған.

– Мұның бәрі қалай болғанын нақты білмейміз. Немерем кешкі 5-ке дейін үйде болды. Содан кейін 2 досы келіп, бірге ойнауға жіберуін сұрады. Жібергім келмеген, бірақ ол 1 сағаттан кейін келемін деп қатты өтінді, – деді қаза болған балалардың бірінің әжесі Алтын Әбенова.

Өрт сөндірушілер өртті екі сағаттан кейін сөндірген. Кейіннен өртенген балалардың сүйектері табылғаны белгілі болды. Алайда өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орнынан балалардың сүйектері табылғанын туыстарына бірден хабарламаған.

– Біз балаларды бәріміз іздедік, бірақ олардың мәйіті табылғанын бізге айтқан жоқ. Біраз уақыттан кейін ғана бәрін жинап, хабарлады. Ал біз бостан босқа іздедік. Тіпті ата-аналары да білмеді, – дейді ауыл тұрғыны Ардақ Есбосынов.

Ауыл тұрғындары балаларды Жайықтан, жағалаудағы бұталардан іздеген. Кейін өрт болған ауланың арнайы қоршаумен қоршалғанын көрген.

– Балалардың тірі екеніне сендік. Содан соң сары лентаны көріп, полицейлерге жақындап барып сұрадық. Әйтпесе, іздей беретін едік, – деді ауыл тұрғындары.

Қазір оқиға орнында мамандар мен тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындадалған.

5 қазан күні кешке Ортақшыл ауылындағы үйдің ауласында шөп өртеніп, кәмелет жасқа толмаған 7-9 жастағы үш бала жоғалған. Оларды іздеуге полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Кейіннен өрт болған жерде балалардың денелері табылғаны анықталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Махамбет ауданы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір