• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

21 Қазан, 16:59:38
Алматы
+17°

Ақтөбе қаласының тұрғыны баласын грантқа оқуға түсірмек болып, 1 миллион 300 мың теңге ақшасынан айырылып қалған, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

29 қыркүйекте Ақтөбе қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға алаяқтық әрекеттің құрбаны болғаны туралы арызданады.

Өтініш берушінің айтуынша, 2 шілде күні ол қаланың ескі бөлігінде орналасқан дәмханада алдын ала келісім бойынша бейтаныс әйелмен кездескен. Күдікті қала университеттерінің біріне "ақысыз бөлімге" оқуға түсуге көмектесетінін айтып, көрсетілген қызмет үшін 1 300 000 теңге көлемінде сыйақы алған.

Шағымданушының арызы бойынша күдікті тұлғасы анықталып, ұзамай ұсталған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті Ақтөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық-ред) бойынша қылмыстық тереу басталды" делінген хабарламада.

Бұған дейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы ҰБТ-дағы заңға қайшы әрекеті үшін тест тапсырудан шеттетілгені хабарланған.


 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір