• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:45:48
Алматы
+35°

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы нысанды сүру кезінде сот орындаушысының соққыға жығылуына байланысты оқиғада аты аталған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұрарова ешкімді ұрмағанын айтты.

Бұған дейін Алматыда жеке сот орындаушысы Әділ Ермеков қызмет барысында соққыға жығылып, оған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар деген ақпарат шыққан.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан сот орындаушысы өз міндетін атқару кезінде бауыр тұсынан ауыр соққы алып, жан ұшыра айғайлап, жерге домалай кеткенін көруге болады. Аталған дерек бойынша сот орындаушысы қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазған.

Жанқош Тұраров Aibat жаңалықтар қызметінің журналистеріне  оқиға орнында болғанын, бірақ ешкімді ұрмағанын жеткізген. 

"Мен ұрсам, ана жерде адамдар өліп қалуы мүмкін ғой" деген спортшы мәселе туралы кейінірек кеңірек айтатынын жеткізген.

 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 

Публикация от @aibat__kz

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанқош Тұраров

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір