05 Қазан, 2021 NEWS
Фото: rbc.ru
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили аштық жариялауды белгілі бір шарттары орындалғанда ғана тоқтататынын айтты. Бұл туралы Mtavari arkhi телеарнасының бас директоры Ника Гварамия хабарлады.
Экс-президент сөзінше, өзін және оның жақтастарын босатпағанша аштық жариялауын тоқтатпайды.
Саакашвили сондай-ақ есін жоғалтқан жағдайда дәрігерлердің көмегінен бас тартатынын алдын ала айтып қойған.
Грузияның қазіргі президенті Саломе Левановна Михаил Саакашвили кешірімге ие болмайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ұзақ жылдан соң еліне оралып,ұсталған.
Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузияны басқарған. Кейін елден кетуге мәжбүр болған. Оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған және сот сырттай үкім кескен. Саакашвили өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір