• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

18 Қазан, 23:06:12
Алматы
+8°
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.
 
Қолданыстағы тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көздел. 

Қазақстан Республикасы Еңбекмині Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегайдың айтуынша, қазіргі уақытта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі пысықталуда, ол төмендегідей өзгерістерді қамтиды:

– ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 70%-на дейін ұлғайту ұсынылады;

– қатысудың ең аз өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту;

– зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау (қазіргі уақытта ең жоғары шектеу қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болған кезде 1 ЕТКД-ні құрайды).

Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер үшін 5% міндетті зейнетақы жарнасы енгізіледі. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыскердің табысынан міндетті 5% зейнетақы жарнасын аударатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір