• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:12:33
Алматы
+12°

"Эквадор түрмесіндегі төбелестен кемінде 100 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің бірнешеуінің айуандықпен басы кесілген" деп хабарлады RT басылымы. Билік қосымша мәйіттерді іздеу кезінде өлім-жітім саны өсуде.

Зорлық-зомбылық Эквадордың Гуаякиль қаласындағы "Penitenciaria del Litoral" түрмесінде болған. Елдегі түрме бюросының мәліметінше, сәрсенбіге дейін кем дегенде 100 адам өлген, 52 адам жараланған. Қаза тапқандардың саны бастапқыда 30-ды құраған, алайда аймақтық полиция командирі Фаусто Буэнано мекемеде әлі де мәйіттер табылып жатқанын айтты.

Мылтықпен, гранатамен және қару-жарақпен қаруланған тұтқындар бір-бірін аса қатыгездікпен өлтірген, алты адамның басы кесілген күйде табылды. Бес сағаттық операциядан кейін полицейлер түрмеге бақылауды қайта орнатқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Эквадор түрме

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір