• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:54:15
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакцинацияланған азаматтар "Ashyq" қосымшасында "жасыл" мәртебесінен қандай жағдайда айырылатынын мәлімдеді.

Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 компонентін алғандар үшін "жасыл" статус бір жылға дейін, ал бірінші компонент алғандардікі 21 күнге сақталады.

Азаматтар 21 күннің ішінде вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, оның мәртебесі автоматты түрде "көкке" ауыстырылады. 

Жаңа қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.

"Ashyq" қосымшасында "Жасыл" мәртебеге үш ай ішінде коронавируспен ауырғандар, медициналық рұқсатнамасы барлар, жүкті әйелдер, сондай-ақ бір апта ішінде ПТР талдауын тапсырған азаматтар ие.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір