• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:15:19
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 24 қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.

Министрік мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 2537 адамнан коронавирус, 212 адамнан пневмония анықталған.

22 қыркүйектегі дерек бойынша, елде коронавирустан 40, пневмониядан 7 адам көз жұмған. 

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың жалпы саны 872 596-ге жетті. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 74 886.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 447 463 адам, 2-компонентін 6 328 291 адам салдырған.

24 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 65 098 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 576 пациент стационарда, 53 522 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

905 адамның жағдайы ауыр, 241 пациенттің жағдайы өте ауыр, 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта - Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір