• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:01:17
Алматы
+35°

Бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев пара алды деген күдікпен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық  №2 соты хабарлады

Енсебаев (Қаржы министрлігінің бұрынғы вице-министрі) Байбосынов пен Бұхарбайдан цифрландыру жобаларын ақпараттық сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетуді сатып алу конкурсында «Аль-Фараби Partners» ЖШС-нің жеңіп шығуы үшін 1,2  млн. теңге пара алған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, банк шоттары түбіршектерімен дәлелденді.

– Сот Руслан Еңсебаевты қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі (Пара алу) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Осы бап бойынша оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органында, ұлттық банкте, қаржы нарығы мен қаржы ұйымын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда өмір бойына қызмет ету құқығынан айырылды.

Ал пара берген Байбосынов пен Бұхарбайға заңмен қарастырылған ең төмен мерзімі  7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,– деді№2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов.

Сотталушылар үкімнің жариялануынан кейін қамауға алынды. Барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Айта өтейік, Руслан Еңсебаев Алдын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" 2017 жылдың маусым айынан бастап "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасы лауазымында қызмет еткен.

Ал 2018 жылы ол қаржы вице-министрі болып тағайындалған еді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Руслан Еңсебаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір