22 Қыркүйек, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресей, Қытай және Пәкістан Еуразия сауда және қауіпсіздік саммитінде Талибан басқаратын Ауғанстанды жаһандық экономикаға тез интеграциялауға шақырды.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Иранның тоғызыншы толыққанды мүше ретінде қабылданғанын жариялады.
Хабарландырулар Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен саммитте айтылды.
Бұл ғаламдық ірі күштердің теке-тірестері күшейіп келе жатқанын көрсеткендей болды.
Америка Құрама Штаттары Тегеранды ядролық және зымырандық бағдарламалары мен Таяу Шығыстағы қарулы топтарды қолдауы үшін оқшаулауға және қысым көрсетуге тырысып жатыр.
Жақында ғана АҚШ, Ұлыбритания мен Австралия Қытайға қарсы тұру үшін жаңа қауіпсіздік блогын құрғанын жариялаған.
ШЫҰ Талибан үкіметіне қолдау көрсетуге шақырады және миллиардтаған халықаралық көмек қаржысын жариялады.
Айта кетейік, жақында Вашингтон, Лондон және Канберра "Aukus" қауіпсіздік келісімін жасаған. Келісім бойынша, одақтастар кибер мүмкіндіктерін, жасанды интеллект және басқа да теңіз асты технологияларын өзара бөліседі. Қауіпсіздік келісіміне қол қойылғаннан кейін Қытайдың мемлекеттік газеті Австралия Бейжіңнің ядролық соққысының нысанасына айналуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір