• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:02:21
Алматы
+35°

"Қытай шетелде көмірмен жұмыс жасайтын жаңа жобалар салмайды, бұл жаһандық жылынумен күресуде маңызды болуы мүмкін" деп хабарлады BBC.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді.

Қытай Индонезия мен Вьетнам сияқты елдерде көмір жобаларын "Бір белдеу, бір жол" бастамасы деп аталатын ауқымды инфрақұрылымдық жоба бойынша қаржыландырды.

Бірақ әлем елдері мұндай қаржыландыруды тоқтатуға мәжбүр болды, өйткені олар Париж климаттық келісімінің мақсаттарына қол жеткізуге тырысады.

"Қытай басқа дамушы елдер үшін жасыл энергияны қолдауды күшейтеді, ал шетелде көмірмен жұмыс істейтін жаңа жобалар салмайды" деді Си жыл сайынғы болатын саммитте.

Қосымша ақпарат берілмеді, бірақ бұл қадам Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" жобасы арқылы дамушы елдерде көмір зауыттарын кеңейтуді шектеуі мүмкін.

"Бір белдеу, бір жол" көптеген елдердегі темір жолдарды, порттарды және көмір зауыттарын қаржыландырған. Олардың көпшілігі дамушы елдер. Бейжің 2021 жылдың бірінші жартысында көмір жобаларын қаржыландырмады.

Қытай сонымен қатар әлемдегі ең ірі парниктік газ шығарушы болып есептеледі және ішкі энергия қажеттіліктері үшін көмірге тәуелді.

Былтыр Си Қытай 2030 жылға дейін көміртегі газын шығарудың шыңына жететінін, содан кейін 2060 жылға қарай көміртегісіз кезеңге өтетіні туралы уәделерін айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай көмір

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір