• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:31:29
Алматы
+35°

Алматыдағы қайғылы оқиғадан кейін мәжіліс депутаты Андрей Линник "Жеке тұлға банкроттығы" туралы заң жобасын әзірлеп, кредит ставкасын төмендетуді айтты.

 

– Екі күн бұрын Алматы қаласында қайғылы оқиға орын алды. Банк борышкерін шығару кезінде 5 адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаның басты себебі дәрменсіз борышкердің баспана үшін банкпен дау-дамайы болғаны белгілі. 121 миллион теңге қарыз болған борышкерден банк бағалау құны 184 миллион теңге болатын жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жайды алып қойды. Оны банк 96 миллион теңгеге бағалаған. Яғни бастапқы сомадан екі есе аз. Сонымен қатар, банк борышкердің тұрғын үйін де алуға шешім қабылдаған. Бірнеше жылдан кейін банк өз дегеніне қол жеткізді. Борышкерді көшеде қалдырып, жалғыз баспанадан ғана емес, оның кәмелетке толмаған балаларынан да айырды, – деді Линник премьер-министрдің бірінші орынбасары мен қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.

Деупатат бұл істі құқық қорғау органдарын жіті тексеріп, оқиғаның мән-жайын анықтауы тиіс екенін атап айтты. 

– Мұндай жағдайға кәсіп ашуға бел буған немесе жай ғана кредит алған мыңдаған азамат ұшырайды. Борышкердің көбі, тіпті, суицидке дейін барады. Бірақ мына оқиғада борышкер басқа адамдарға оқ жаудырды. Бұл халықтың қыруар қарызға батқанын, бұл мәселеге тез арада назар аудару қажеттігін көрсетеді. Ұлттық банктің жоғары базалық ставкасы, осындай дауларға қатысты әділетсіз сот шешімдері, сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің алдын ала сөз байласуы жағдайды одан сайын ушықтырып отыр, – деді депутат.

 

Оның айтуынша, "Ақ жол" фракциясы ондаған рет "жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заңды әзірлеуді ұсынған. Алайда үкімет бұл заң жобасын қабылдауды үнемі кейінге шегерген.

– 2015 жылы мемлекеттік органдардың бас тартуына байланысты біз тіпті үкімет тарапынан бұғатталған өзіміздің заң жобасын әзірледік. Уәкілетті органдардың өзі бұл құжатты қабылдауды үнемі кейінге қалдырады. Кеше орын алған қайғылы жағдай – мыңдаған шағын кәсіпкерлер мен қарапайым борышкерлердің жағдайына немқұрайлы қараудың салдары. Банктің әрекетін түсінуге болады, өйткені оның міндеті – ақша табу. Бірақ борышкердің кепілдегі мүлкін тәркілеу кезінде бағалау құнынан ауытқу 10-15%-тен аспауы керек деп санаймыз. Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу агенттігіне банктер борышкердің тәркіленетін мүлкінің құнын төмендету мүмкіндігін шектеуді ұсынамыз, – деді Линник.

Сондай-ақ ол кредит бойынша мөлшерлемені төмендету қажеттігін және Ұлттық Банктің базалық ставкаға қатысты саясатын қайта қарауды атап өтті. Оның сөзінше, бүгінде ол кез келген жағдайда инфляцияны тежемейді, бірақ екінші деңгейдегі банктердің мөлшерлемесінің жеткіліксіз жоғары болуына себеп болады.

Депутат болашақта мұндай қайғылы жағдай орын алмас үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын тез арада әзірлеуді ұсынды.

Еске сала кетейік, Алматыдағы Ақбұлақ ықшамауданында 20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында атыс болды. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімімен естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ атқан. Нәтижесінде 5 адам оқиға орнында қайтыс болды. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Оқи отырыңыз: “Екі полицейдің мәйітін көрдім”. Куәгерлер Алматыдағы атыстың қалай болғанын айтып берді

Ақбұлақтағы трагедия: Қайтыс болғандар туралы ақпарат белгілі болды

Алматыдағы атыс: 5 адамды өлтірген күдікті кім екені анықталды

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақбұлақ Алматы үй

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір