• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:24:47
Алматы
+35°

Елорданың орталығындағы ғимараттардың бірі отқа оранды. Бұл туралы қаланың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Өрт Kazakhmys ғимаратының жоғарғы қабатында басталған. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады.

“Оқиға сағат 18:33-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.

Алдын ала ақпарат бойынша, ғимараттың шатыры және қаптауы жанған. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жеткен. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде" деді ведомство таратқан хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұр-Сұлтан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір