• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:07:03
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа түрі "Eta" штамы тіркелгенін мәлімдеді.

– Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді.

Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстанда 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген (Delta "Үнді штаммы" - 57 (59,4%), Alpha "Британдық" - 24 (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%)). Eta "Нигерия" штаммының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1), – деді Цой.

Министрдің сөзінше, "Eta" штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болып, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған.

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша "Eta" штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдарға жатады. Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты, – деп айтты министр.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір