• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:12:57
Алматы
+35°

Бүгін сағат 17:00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында жан түршігерлік атыс болды.

Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, олар сот үкімін орындауға келген.

Үкімге сәйкес, үй иесі баспананы босатуға тиіс еді. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей, сот орындаушылар мен төтенше жағдай қызметкерлеріне оқ атқан.

Кезекшілікте болған 5 адам, оның ішінде 2 полиция қызметкері оқтан жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды.

Қайтыс болған полиция қызметкерлері туралы мәліметтер:

  • Алатау ауданы ОМПС ӨП учаскелік инспекторы, полиция майоры Сулеев Дархан Дауылбаевич, 1982 ж.
  • Алатау облысы ОМПС УЕ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбаевич, 1988 ж.

1967 жылы туылған күдікті ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір