• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

18 Қазан, 22:24:53
Алматы
+8°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданындағы су құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінде құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмыстары атқарылып, ауыз су беруге дайындық жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстардың барысын бүгін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Ашаевпен бірге журналистер арнайы барып көрді.

Шағынаудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне сапалы электр қуатымен қамту жұмысы таныстырылды. Осы жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмысының бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталды.

Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан қарқынды жүруде. Яғни, елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту үшін төрт бригадада 20-дан астам коммуналдық қызметкер жұмылдырылған.

Құрылыс жұмысын 2021 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Жобаға сәйкес, шағын ауданда орналасқан 2318 отбасы электр қуатымен қамтылатын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір