• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:42:00
Алматы
+35°

Ұлттық банктың Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/–1,00  пайыздық дәлізімен жылдық 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Осыған дейін базалық мөлшерлеме шілде айында 0,25 пайызға көтерілген болатын.  "Қамшы" тілшісі экономист Мақсат Халықтан ұлттық банктың пайыздық мөлшерлемені көтеру себебі мен оның халықтың әл-ауқатына тигізер әсері туралы сұрап көрді.

Қаржыгер ұлттық банктың базалық мөлшерлемені көтеруінің негізгі себебі ретінде теңгенің құнсыздануы мен  қымбатшылықты атап өтті.

– Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 9,5%-ға жеткізді. Мұндағы мақсат айқын. Базалық мөлшерлеме неғұрлым жоғары болған сайын ол теңгенің құндылығын арттырады. Осы арқылы ұлттық банк қымбатшылықты тежегісі келеді. Экономикадағы заңдылық бойынша егер теңгенің құны артса қымбатшылық тоқтайды. Банкте несие пайызы жоғары болған сайын көп азаматтар несие алуды доғарады. Тиісінше ол азаматтар қымбат тауарларды алуға құлық танытпайды. "Ол тауарды кейінірек аламын, арзандасын" дейді. Тауарға сұраныс қатты болмағандықтан оның өнімділігі төмендейді. Бұл жағдайдың халық үшін тағы бір оңтайлы тұсы – банктегі депозиттік жинақ мөлшерлемесінің сыйақысы артады, – дейді Мақсат Халық.

Оның айтуынша, егер ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмен түсірсе, елдегі кәсіпорындар мен  халыққа несие алу қолайлы болмақ. Алайда жағдай керісінше болып отырғандықтан мұның  халыққа тигізер кері әсері де бар.

– Базалық мөлшерлемені көтерудің жағымсыз жақтары банктердегі несиелердің  пайыздары  өсетінін айтуға болады. Мұндай жағдайда халық пен бизнестегі азаматтарға несие алу мүлде тиімсіз жағдайға әкеп соғады. Қазіргі пандемия жағдайында әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ,  дамыған елдер базалық пайыздық мөлшерлемелерін 0% дейін төмен түсірген. Олардың негізгі мақсаты – іскерлік белсенділікті арттыру арқылы мүмкіндігінше бизнесті дамыту. Ал біздің елде бәрі керсінше болып жатыр. Ұлттық банктың базалық мөлшерлемені жоғарылатуы салдарынан елдегі кәсіпорындар  бизнесін әлсіретіп алуы мүмкін. Ал ол өз кезегінде экономикаға кері әсер етеді. Бизнес тоқтады деген сөз, экономика да тоқтады дегенге келеді,  – деп сөзін түйіндеді сарапшы.

Qamshy

Мархабат Ілияс

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір