• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:55:31
+35°

Фото: Чехияның бұрынғы транспорт министрі Владимир Кремлик және Қазақстанның қазіргі цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

2020 жылғы қаңтар айының соңында Чехия транспорт министрі Владимир Кремлик автомагистральдарға рұқсат беретін сервисті сату бойынша интернет арқылы қызмет көрсетуді дамытудың тендерлік құнын асыра бағалағаны үшін жұмыстан босатылған.

Технологиялық Tadviser.com сайтының ақпаратынша, ол кезде Владимир Кремлик жобаға "Asseco Central Europe" IT-компаниясын тартқысы келген және онымен 401 миллион кронға (шамамен 16 миллион еуро) келісімшартқа отырғысы келген. "Asseco Central Europe" компаниясы төрт жылдық келісімшартты ашық тендерсіз алған.

Осы оқиғадан кейін, Прагадағы "Actum Digital" деп аталатын IT компания басшысы, кәсіпкер Томас Вондрачек бағдарламашыларды ұйымдастырып, Транспорт министрлігі үшін сайтты тегін құруды ұсынған.

– Мемлекеттік келісімшарттарды тым жоғары бағалайтын жүйеге қарсы тұруға деген ниет бізді біріктірді. Клиенттердің білместігін пайдалану –біздің ақшамыздың далаға есепсіз шашылуына  әкеледі,– деп үндеу тастаған Вондрачек.

Кәсіпкер транспорт министрлігі сайт құру бойынша ашық тендер өткізуі керектігін мәлімдеген.

Осы оқиғадан кейін Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш келісімшарттың нашар ұйымдастырылғанын айтып, оны мақұлдамаған және министрді жұмысынан алған.

Нәтижесінде, 300-ден астам бағдарламашы Вондрачектің сервисті дамыту туралы ұсынысын қолдады. Алғашында "төрт жыл жалғасады" делінген жоба үшін 60 маман таңдалып, жобаны екі күнде жүзеге асырған.  Сонымен қатар, мамандар жұмысты мүлдем тегін жасаған.

Айта кетейік, Қазақстан цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де Қазақстанның электронды мемлекеттік басқару жүйесін ресейлік Сбер платформасына ауыстыруға шамамен 500 миллион доллар қажет екенін айтқан болатын.

– Келесі жылдың наурыз-сәуір айларына қарай келісімге қол қоямыз деп жоспарлап отырмыз. Онда жобаның барлық параметрі анықталады. Жобаның бес жыл істеуіне шамалап алғанда 500 млн доллар жұмсалуы мүмкін, бірақ экономикалық зерттеуде тағы да нақтылаймыз, – деген министр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Чехия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір