• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:37:11
Алматы
+35°

Талибан қозғалысының екі жетекшісі көпшілікке көрінбей кетті. Тәліптердің жаңа вице-премьері мен тағы бір жоғарғы басшысы жоғалып кеткен соң, олардың тірі екеніне күдік келтірілуде. Бұл туралы Әл-Жазира телеарнасы хабарлады.

Тәліптер Ауғанстандағы билікті басып алғаннан кейін Талибан қозғалысының жетекшісі молда Хайбатулла Ахундзада көпшілік алдына шықпай кетті. Талибанның баспасөз хатшысы оның өлімі туралы қауесетті жоққа шығаруда.

Тәліптердің танымал тұлғаларының бірі Молла Абдул Ғани Барадар да хабарсыз кеткен. 

"Ауғанстанның министрліктерін қалай бөлуге болатыны туралы талас болып, Талибанның өзге бір жетекшісімен болған шайқаста Ғани Барадар өлді немесе ауыр жарақат алды" деген қауесет бар екенін хабарлады Әл-Жазира.

Қауесеттерге қарсы бағытталған Ауған билігінің ресми әрекеттері күмәнді қоюлата түскендей болды.  Телеарна ақпаратынша, биліктің айтқаны нақты емес және көптген күдік тудырады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талибан Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір