• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:25:13
Алматы
+35°

"Талибан" содырлары Ауғанстан астанасы Кабулдағы наразылық акцияларын хабарлағаны үшін журналистерді ұрып-соғып, қамауға алды. Бұл туралы Aljazeera ақпарт агенттігі мәлімдеді.

"Etilaat Roz" газетінің журналистері Таки Дарьяби мен Нематулла Нақди сәрсенбі күні таңертең Кабулдың батысында әйелдер наразылығын жариялау кезінде тәліптерге ұсталған.

Қамауға алынған журналистердің әріптестері Абер Шайган мен Лутфали Султани әріптестерінің қайда екенін сұрау үшін газет редакторы Кадхим Каримимен бірге полиция бөліміне барған. Олар полиция бөлімшесіне жеткен сәтте "Талибан" содырлары әріптестерін итеріп, ұрып-соғып, барлық заттарын, соның ішінде ұялы телефондарын тартып алғанын білген.

Ауғанстанда хабар тарататын "Etilaat Roz" компаниясының негізін қалаушы және бас редакторы Заки Дарьяби жарақат алған екі әріптесінің суреттерін жариялады.

Ол бөліскен суретте журналистердің арқа, аяқ, иық және қолдарында жарақат іздері байқалады.

Заки Дарьяби бұл оқиғаны бүкіл Ауғанстандағы тәуелсіз БАҚ құралдарына арналған ескерту екенін атап өтті.

– Тәліптер біздің әріптестерімізді 4 сағаттан астам уақыт тергеу изоляторында ұстады. Осы 4 сағат ішінде оларды аяусыз ұрып-соғып, азаптады, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір