10 Қыркүйек, 2021 Барлық аймақтар
Фото: "Nur Otan" партиясының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқаны айтылды. Жыл басынан бері Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған әрбір өңір, қала және аудан бойынша 217 жол картасы аясында республикалық индикаторлардың 11%-ы және өңірлік деңгейлерде 12%-ы орындалды.
Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірлерде 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй, 12,2 мың орындық 34 мектеп, 15 медициналық нысан, 4,5 мың орындық 68 балабақша салынды. 800 млрд теңгеге инвестиция тартыла отырып, 77 жаңа кәсіпорын ашылды. Тұрақты жұмыс орындарына 160 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін тағы 200 түрлі әлеуметтік нысан, оның ішінде жаңа мектептер, ауруханалар және т.б. іске қосылады.
Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін 6 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Алматы облысында жаңа цемент зауытының ашылуына байланысты тағы 500-ге жуық жұмыс орны ашылды. Түркістан облысында 110 МВт-ты құрайтын үш күн электр станциясы іске қосылды. Бұл жылына 117 мың тонна көмірқышқыл газымен атмосфераның ластануын болдырмауға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысында 600 балаға арналған 12 балабақша ашылды.
Сондай-ақ, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру де жалғасуда. 1681 балабақша мен 5536 мектепте ерекше балаларға жағдай жасалған. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу үшін балабақшалардың 2,5 мыңнан астам педагогы және мектептердің 36 мың мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола облыстарында мүгедек балаларға арналған арнайы оңалту орталықтары ашылды.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделері аясында 2025 жылға дейін 1 млн. отбасы үшін 100 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3,5 мың ауыл мен 5 мың мектепке қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 25 мың шақырым республикалық және 27 мың жергілікті жолдарды салу және қайта жаңарту жоспарлануда.
Әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллионнан астам теңге бөлінеді. Денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 5%-ына дейін жеткізілетін болады. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтылатын болады.
Барлық тармақтармен толығырақ nurotan.kz сайтында танысуға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір