• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:08:08
Алматы
+12°

Бүгін Алматы қаласында  «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанаты өтті. Жиынға «Домбырашылар одағына» мүше болған еліміздің танымал дәстүрлі әншілері, күйшілері қатысып, сөз сөйледі.

«Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  -  2021 жылы, тамыз айының 10-шы жұлдызында құрылды. Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты ұлттық өнерді кеңінен дәріптеп, жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын оятып, ұлттық құндылығымызды дамыту жолында еңбек ету . «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің негізгі шарты- бірлестіктің  мүшелігіне дәстүрлі әншілер, жыршылар мен термешілер қабылданады. «Домбырашылар одағының» атқарар негізгі міндеті-халқымыздың дәстүрлі ән өнерін, күй өнерін жандандыру, жас буын өкілдерінің шығармашылығын қолдау. Түрлі байқаулар, бағдарламалар, концерттер ұйымдастыру, сонымен қатар, дәстүрлі әнді дамыту мақсатында экспедицияға шығып, күй өнерін дәріптеу.

Пресс-конференция барысында Алматы қаласының өнер өкілдеріне «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің куәліктері мен сертификаттары табысталды. Жиында Рамазан Өмірәліұлы Стамғазиев,  Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова, Нұржан Қабимолдаұлы Жанпейісов, Байбосынова Ұлжан Маликайдарқызы,  Гүлмира Нәлібай және «Домбыра» Ұлттық телеарнасының басшысы Қанат Құдайбергенұлы Ержігітов сөз сөйледі. Бірлестіктің мақсатын, жасайтын жұмыстарын, қазыргі таңда дәстүрлі өнерімізге қатысты болып жатқан мәселелердің шешімін қарастыру жолдарын талқылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Мүшелікке қабылдану шарттары талқыланды. Сонымен қатар, жиындағылардың көтерген басты мәселесі- «Домбыра» Ұлттық телеарнасының тікелей жерсеріктік хабар тарататын OTAU TV қызметіне қосу, Ұлттық өнерді шалғай мекендегі халыққа да көрсету, таныту.

«Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылу салтанатында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев «Домбыра Ұлттық арнасын OTAU TV-ға кіргізу керек. Дәстүр жолында жүрген әншілерді халыққа дәріптеуіміз тиіс»-деп өз ойын білдірсе, Сәуле Жанпейісова «Бірлік керек. Дәстүрлі өнер иелерінің бірлігі керек. Одақтың ашылуындағы басты мақсат та сол»-деді. Сонымен қатар, «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төреағасы Қанат Құдайбергенұлы Ержігітов OTAU TV мәселесіне баса назар аударып, «Дәстүрлі өнерді тыңдаушы көрерменіміз-ауылда!»- деп, Қазақстанда 5000 ауыл бар екендігін тілге тиек етті.

Ұлжан Байбосынова «Өнердегі жауапкершілік-өміріміздің соңына дейінгі жауапкершілік»- деп баяндаса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов «Өзге одақтар секілді бұл одақтың да атқаратын қызметі өте көп»-деп өз ойын білдірді.

Қазақстанның мәдениет қайраткері, журналист Гүлмира Нәлібай да «Арнаның OTAU TV-ға қосылуы шарт. Себебі, арна-ұлттық арна, ұлтқа қызмет ететін арна» деп өз пікірін білдірді.

Қамшы

ҚамшыҚамшы

Қамшы

Қамшы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Домбырашылар одағы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір