• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:24:07
Алматы
+12°
Президент Қ.Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есебін тыңдады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы  Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі есебін телефон арқылы тыңдаған. Президентке 122 жылжымайтын мүліктің, соның ішінде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық және 4 әлеуметтік нысанның қирағаны жөнінде баяндалды. Қазіргі уақытта 12 мекеме, 23 техника мен 185 жұмысшы қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.
 
Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, бүгінге дейін 62 тұрғын үй жөнделген. Жалпы қайта қалпына келтіру жұмыстарын 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жібек жолы ауылындағы қираған №5 орта мектептің орнына жаңа мектеп салынады. Бердібек Сапарбаевтың мәліметі бойынша 26 адам стационарда ем алып жатыр. Олардың 15-і госпитальда емделіп жатқан әскери, полиция және Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкері.
 
"Жарылыстан қаза болғандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілуде, сондай-ақ зардап шеккен отбасылардың жұмыссыз мүшелерін жұмысқа орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Екінші деңгейлі банктерге қарызы бар мұндай отбасылардың кредиттерін өтеу мәселесі толық шешілген" делінген ақпараттық хабарламада.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір