• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:21:12
Алматы
+35°

1983 жылы АҚШ армиясы Гренадаға басып кірген болатын. АҚШ бұл тосын әскери әрекет туралы одақтастарына, әсіресе Ұлыбританияға алдын ала ескертуге үлгермеген. Сол кезде АҚШ президенті Рональд Рейган Ұлыбритания премьер-министрі Маргрет Тэтчерден кешірім сұрайды. Рейган мен Тэтчердің арасындағы құпия жеке телефон қоңырауларын британиялық The Guardian басылымы жариялады. Кезінде құпия болған екі ел басшысының әңгімесін Қамшы тілшісі оқырман назарына ұсынады.

Маргрет: Сәлеметсіз бе, бұл Маргрет Тэтчер.
Рональд: Маргарет, мен сіздің қасыңызда болсам, есіктен кірмес бұрын бас киімімді шешіп, сізден кешірім сұрайтын едім.
Маргарет: О, мұны істеудің қажеті жоқ
Рональд: Тыңдаңыз ... біз сізді мазалағанымыз үшін қатты өкінеміз. Мен сізге бұл оқиғаның жай-жапсарын айтқым келеді. Мені түнгі сағат 3-те Джорджияда гольф демалысында жүргенімде оятты. Мен онда мемлекеттік хатшымен бірге болдым. Біз Шығыс Кариб мемлекеттері ұйымының шұғыл өтінішіне байланысты пижамамен біздің қонақ бөлмеде кездестік. Бізге бірден Вашингтонға қайтатын топ келді, біз шұғыл жоспар жасадық және солай жедел жұмыстар істедік. Бұл сіз алаңдаушылық білдіргеннен бірнеше сағат бұрын болды. Мен өзім (жағдайды) біле салған кезде, біздің күштер жолға шықты. Әрине, уақыт айырмашылығы бар, сол үшін сіз білген күні кешірек сияқты көрінді. Біз үшін мұнда таңертеңгі сағат 5.30 болды, олар (әскерилер) қонғаннан кейін армиямен ашық сөйлесе алдық.
Маргарет: Мен сізге жасырын телефонмен де ұзақ сөйлесе алмаймын. Өйткені бұл (жоспарлар) бұзылуы мүмкін.
Рональд: Иә.
Маргарет: Мен сезімталдықты жақсы білемін.
Рональд: Жарайды.
Маргарет: Иә, бұл операцияның сәтті болатынына сенеміз.
Рональд: Солай болатынына сенімдіміз. Өте керемет жүріп жатыр.
Маргарет: Жақсы болды, Рон сіз демократияны қалпына келтіре аласыз деп үміттенеміз.
Рональд: Біз олардың үкіметін қалпына келтіруге көмектескіміз келеді. Демократиялық үкімет қайта қалпына келсе, оларға Сэм ағайдың (Американың) ешқандай қажеті болмайды.
Маргарет: Жақсы, әлі жұмыс көп, Рон, солай ма?
Рональд: Иә. және...
Маргарет: Бұл өте қиын болады.
Рональд: Біз операцияның әскери бөлігі жақын арада аяқталады деп ойлаймыз. Бірақ мен айтқанымдай, біз сізді ренжіткеніміз үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл біздің құпиялыққа қатысты әлсіздігімізден қорқуымыз екенін түсініңіз.
Маргарет: Рон, сенің қоңырау шалғаның жақсы болды.
Рональд: Бұл менің қуанышым.
Маргарет: Мен оны бағалаймын. Нэнси қалай?
Рональд: Жақсы.
Маргарет: Жақсы. Оған менің сәлемім мен махаббатымды жеткіз.
Рональд: Білемін, бәрі жақсы.
Маргарет: Көп рахмет, мен Парламентте осы пікірталасқа қайта оралуым керек. Бұл сәл күрделі.
Рональд: Жарайды. Оларды көндіріңіз. Оларды тірідей жеп қойыңыз.
Маргарет: Көп рахмет, сау болыңыз.
Рональд: Қош болыңыз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Рейган

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір