• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:45:38
Алматы
+35°

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 60 000 теңгеге артады. Мұндай шараның әсері қандай болатыны туралы қаржыгер Жалғасбек Ақболат "Қамшы" тілшісіне берген шағын сұхбатта айтып берді.

– Ең төменгі жалақының өсуі ел экономикасына, халықтың әл-әуқатына қалай әсер етеді? 

– Айтарлықтай әсер етеді деп айта алмаймын. Біріншіден ғылым саласында, кандидат науктардың табысына бір төменгі айлық есебінде, ал профессорларға екі төменгі айлық есебінде ақша қосылады. Ал бізде ғалымдар айтарлықтай көп емес. 

Екіншіден, ескере кету керек бір адамға 42 500 теңге төленетін болса, оған салық ұсталмайды. Сондықтан көптеген кәсіпорындар жұмысшыларына 42 500 теңгені ресми түрде төлеп, қалған ақшаны қолма-қол берген жайттар болған. Бұл – салықтан қашу. 

Енді ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге көтерілсе, ақшаның айналымы шынайы бола бастайды. Бұдан басқа оңды өзгеріс болады деп есептемеймін.   

Бізде негізінен ең төменгі жалақы 75 мың теңге болуы керек. Бұл қалай есептіледі десек? Біздің табысымыздың жартысы минималдық жалақы болуы керек. Бұл – бюджетке тиімсіз және шығындар әкелуі мүмкін. 

– Төменгі жалақының өсуі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға ықпалы бола ма?

– Әлеуметтік мәселелерге ықпалын тигізеді. Декреттік төлемге, балаларға төленетін жәрдемақыларға әсер етеді. Бірақ ол әр азамат алатын жалақыға байланысты болады. 

– Мұндай жаңашылдық жеке сектордағы жалақының жоғалауына әсер етуі мүмкін бе?

– Жеке секторда айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек жаңа атап өткенімдей, салық төлемеу үшін 42 500 жалақыны мемлекетке көрсетіп, қалған ақшасын жасырып беру болмайды. Ең төменгі жалақы 60 000 деп көрсетілетін болады.   

– Ең төменгі жалақы жоғарылаған соң инфляция деңгейі қай шамада болады деп ойлайсыз?  

– Қарапайым заттар эконмикасы инфляция деңгейін реттеу бойынша бағдарламалармен жұмыс істейтін болса, онда инфляцияға ешқандай кері әсері болмайды. Себебі бізде тауармен қызметтердің саны артатын болса, ол инфляцияның өсуіне жол бермейді. Тиісінше, теңгенің құнын көрсете алады.

Ал айлықты көтердік деп, бағаны өсіріп жіберсек, ел экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені кәсіпкерлік дамымаса, өнім өндірілмесе, ел экономикасында оң өзгеріс болмайды. Бұл ретте үкімет пен ұлттық банк қатар жұмыс істеуі қажет. Әсіресе ұлттық банкке инфляцияны реттеу бойынша үлкен шаралар атқаруға тура келеді.

Айзада Бидан

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір