• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:40:26
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында бюджет есебінен қаржыландырылатын бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы өсетінін мәлімдеді. 

– 2022 жылдан 2025 жылға дейін осы санаттағы (мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер) азаматтық қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орташа есеппен 20 пайызға өседі, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды.

– Ең төменгі жалақыны қайта қарайтын уақыт келді деп ойлаймын. Оның мөлшері 2018 жылдан бері көтерілген жоқ. Ал әлемдік коронадағдарыс халықтың табысына күш салды. Бұдан бөлек, минималды жалақының мөлшері жағынан Қазақстан ТМД-ның бірқатар елінен қалып қойды, – деді президент парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір