• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:20:50
Алматы
+35°

Алматының барлық аумағында жаңа заманауи мектеп стадиондары мен ойын алаңдары пайда болады. Қазіргі уақытта 40-тан астам қалалық мектеп алаңдары қайта жаңартылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.

Л. Жылқыбаеваның айтуынша, қазіргі таңда спортпен шұғылдану, салауатты өмір салты – басқарма жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

«Біз жоғары деңгейдегі спорттық бағыттағы қауіпсіз алаңдар жасағымыз келеді», - деді білім басқармасының басшысы.

Л. Жылқыбаева Алматы қаласы білім басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында қазіргі уақытта №10, 42, 63, 93, 94, 104, 128, 173, 181, 189 мектептердің 8 спорт алаңын және көпсалалы колледжді жаңғыртуда екенін баса айтты.

«Инвестиция көлемі 400 миллион теңгеден асады. Бұған дейін осы жобалар аясында №40 және 95 мектептердің аумағында спорт алаңдары жаңартылды», - деді Білім басқармасының басшысы.

Л. Жылқыбаеваның айтуынша, жаңа спорт алаңдары мектеп оқушыларын қызықтыратын орынға айналады. Сондықтан, жергілікті бюджет есебінен, 2021 жылы №151, 185, 179, 169, 184, 149, 82, 180, 182, 133, 130, 16 мектептерде 2021 жылы 33 мектеп спорт алаңы жаңғыртылуда. №67, 144, 34, 90, 38, 60, 69, 102, 66, 29, 28, 98, 186, 192, 187, 32, 71, 89, 106, 83 және №1 балалар үйінде. Бұл шараларға жергілікті бюджеттен 1 млрд астам теңге қарастырылған.

Биыл Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік тапсырысымен қала мектептерінде оқушыларға арналған спорт секциялары ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, жаттықтыру жұмысымен айналысатын дене шынықтыру мұғалімдерінің айлықтарына үстемақы қосылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір