• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:45:27
Алматы
+35°

Талибан әскері АҚШ соңғы 20 жыл ішінде Ауғанстан қарулы күштеріне берген қару-жарақ, техникалар мен оқ-дәрілерді тәркіледі. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

АҚШ БАҚ-тарының ақпараты бойынша, Талибан ұстаған техниканың ішінде Black Hawk тікұшақтары мен А-29 Super Tucano шабуыл ұшақтары бар. Әлеуметтік желілерде М4 және М16 винтовкалары, сондай-ақ Америкада жасалған Humvees машиналары бейнеленген суреттер кездеседі.

Мамандар бұл ұшақтарды тәжірибесіз пайдаланала алмайтынын айтқанымен қауіп төндіруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Шамамен бір ай бұрын Ауғанстан Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде АҚШ Кабулға жеткізген 7 жаңа тікұшақтың суреттерін жариялаған. Бірақ Талибан бірнеше апта ішінде елдің көп бөлігін жаулап, ауған әскері қалдырған барлық қару-жарақ пен техниканы басып алған.

"Жойылмаған техниканың бәрі қазір Талибанға тиесілі" деді америкалықтар Reuters агенттігіне берген ақпаратында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Ауғанстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір