• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:30:31
Алматы
+35°

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы кездері мүмкіндігі шектеулі балаларды «Иппотерапия» арқылы емдеу әдісі практикада кеңінен қолданылып келеді. Бұл әдіс арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда сауықтыруға болады. Жалпы «Иппотерапия» грек тілінен аударғанда «жылқымен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Ақтау

Жаңаөзен қаласында осы әдіспен емдеу тәсілі жақсы жүйеге қойылып келеді. Мұнайшылар қаласының тұрғыны Әлен Самат есімді азамат жас болса да, бас болып ерекше балаларды өз қамқорлығына алып «Нұр-Әлем» атты ат спорт клубын ашқан. Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалардың тірек-қимыл жүйесін емдеу үшін иппотерапия әдісі қолданылады. Одан қалса оңалту-сауықтыру шаралары тегін жасалады екен. Жалпы Әлен Саматтың мүмкіндігі шектеулі жандарға жасап жатқан қамқорлығы мен тәжірибесі ескеріліп, 2018 жылы Маңғыстау облыстық Паралимпиадада мәнерлеп жүру, ат спортының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Сол жылы Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы ат спорт федерациясының кубогына мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында өткізілген жарыста оның шәкірттері жүлделі орындарды иеленген. Бүгінде оның шәкірттері халықаралық деңгейдегі додаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

 

#Qazaqstan30 АктауАктауАктауАктау

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір