• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:59:30
Алматы
+35°

Қалаға жаңадан қосылған кенттердің суменжабдықтау және су бұру мәселелерін шешумақсатында қала әкімі Б.Сағынтаев, қаланың жаңашағын аудандарының инженерлікинфрақұрылымын дамытуды қамтитын «ЖаңаАлматыны» дамытудың Кешенді жоспарынқабылдап, осы жоспардың іске асырылуын қолға алуда.

2020 жылы 160 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылысы салынып аяқталды.  
Фото: Qamshy.kz

Қазіргі уақытта ұзындығы 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің(Алғабас, Ақжар, Әйгерім-1,2, Боралдай, Құрамыс, Кемел, Қайрат, Көкшоқы, Көлсай, Каменское плато, төменгі Пятилетка, Теректі, Таусамалы, Таужолы, Жас Қанат, , Шұғыла, Шапағат, Шаңырақ-1) құрылыс-монтаждау жұмыстарыжалғасуда.

Алдағы айларда Думан, Ақбұлақ, Қайрат, Әлмерек, Нұршашқан, Өжет, Қарасу шағынаудандарында, Құрылысшы шағын ауданыныңшығыс бөлігінде және Жетісу ауданыныңбірнеше ондаған көшелерінде орналасқанбірнеше мың жеке аз қабатты үй құрылыстарыжаңа су құбыры және кәріз желілерінетолығымен қосылмақ.

Желілермен қатар бір мезгілде су тартуқұрылыстары да белсенді салынуда, ағымдағыжылдың соңына қарай қуаты тәулігіне 15 мыңтекше метр болатын «Қарғалы» су тартуқұрылысының жұмыстары аяқталатын болады, бұл жұмыстар 2020 жылы басталған. Аталған сүзгі станциясы Наурызбай ауданының Қарғалы, Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс, Тастыбұлақ шағын аудандарының 35,5 мың тұрғындарын сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Фото: Qamshy.kz

Осы секілді Тастыбұлақ, Ақжар, Таужолы, Шұғыла шағын аудандарының 40 мыңнан астамтұрғындарын сумен жабдықтауға мүмкіндік беретін өткізу қуаты тәулігіне 22 мың текше метр құрылысты Ақсай өзенінде де салу жоспарлануда.

Бостандық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 22 мың тұрғынды сумен жабдықтауүшін (Ерменсай, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка шағын аудандары кіреді) қуаты тәулігіне 9 мың текше метр болатын «Ерменсай» су тартқышының жобалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарыжүргізілуде. Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың мұқтаждығы үшін сорғы станциялары, таза су резервуарлары, жаңа су тарту ұңғымаларын қамтитын құрылыстар кешенін салу жоспарлануда.

Фото: Qamshy.kz

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір