• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:16:15
Алматы
+35°

 

12 тамыз – спорт күніне орай, Ақтаудағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің студиясында спортшыларымен кездесу өтті. Пара пауэрлифтингпен айналысатын Ғани Исентемиров пен Ерлан Искаков өздерінің жеткен жетістігі мен алға қойған мақсатымен бөлісті. Екі спортшы да пара паурэлифтингтен Қазақстан ұлттық құрама командасының тізіміне енген. Сондай-ақ, биыл Әлем Кубогында еліміздің көк туын желбіретіп ІІ және ІІІ орындарды иеленген. Ауыр атлетикаға жататын спорт түрін жанына серік еткендер өздерінің қайсарлығы мен табандылығының арқасында ел чемпионы атанып қана қоймай, әлемді де мойындатқан.

- Пара паурэлифтингпен айналысқаныма екі жыл болды. Ел ішінде ұйымдастырылған жарыстарда топ жарып, алтын, күміс медаль иелендім. Биыл көктемде әлемді мойындаттым. Бұл жеңіс үлкен еңбекпен келді. Дайындық кезі карантин уақытына сай келді. Соған қарамастан үйде бос жатпай жаттығып, дайындала бердім. Нәтижесі жақсы. Наурыз айында Манчестер қаласында әлем кубогында қола жүлде алдым. Ал мамыр айында Бангкок қаласында өткен жарыста қола жүлдені алдым, дейді пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионы Ғани Исентемиров. Пауэрлифтинг

 Ал Ерлан Искаков болса 2020 жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орын алып, пара пауэрлифтингтен Қазақстан ұлттық құрама командасының тізіміне енген. Сөйтіп биыл көктемде Бангкок қаласында өткен Әлем Кубогында 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп 90 келі ауыр темірді көтеріп, ІІ орын иеленген.

 -Шыны керек жарысқа үйде дайындалдым. Бапкеріммен онлайн байланыс жасап күнделікті жаттықтым. Жаттықтырушыма да үлкен рақметімді айтамын. Өзімде тынбай еңбектендім. Сөйтіп Бангкоктегі додада ІІ орын алдым. Қуанышымда шек жоқ. Бұл менің жеңісім! Бұл елімнің жеңісі!, дейді жарыстан алған әсерімен бөліскен Ерлан Искаков.

 Спортшылардың айтуынша Маңғыстау облысы бойынша пара пауэрлифтингпен айналысатын 30 адам бар екен. Тіпті олармен бірге 72 жастағы қария да жаттығатын көрінеді. Қарт спортшы 2020 жылы Токиода өткен жарыста І орын алып қазақтың көк туын көкке желбіретіпті. Пара пауэрлифтингішілер соңғы кезде өңірде спортқа қызығушылардың көбейгендігін байқап, қуанатындарын да жасырмады. Бұл да болса салауатты ел болуға жасалған қадам деп біледі. Қос спортшы қазір күзде және келесі жылы болатын жарыстарға дайындықты бастап кеткен.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір