• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:42:38
Алматы
+35°

Күні кеше Токио олимпиадасында Уәлихан Серік есімді этникалық қазақ 60 келіде грек-рим күресінен Қытай қоржынына қола медаль салды.

Қызығы, бұл салмақта үш бірдей қазақ боз кілемге шықты. Алайда олардың әрқайсысы әртүрлі ту астында өнер көрсетті. Мейрамбек Айнақұлов Қазақстан спортшысы болса, Уәлихан Серік – Қытай азаматы, Ермұрат Тасмұратов – Өзбекстан өкілі.

Уәлихан Серік

Жүлделі орын иеленген Уәлихан Серік 1992 жылы Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Дүрбежін ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында қола медаль алған.

Елмұрат Тасмұратов

Елмұрат Тасмұратов болса, 1991 жылы Өзбекстанның Ташкент облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. 

2004 жылы тарихи отаны – Қазақстанға оралып, Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатта 4 жыл оқиды. Ол 2016 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстанда жүргенде біраз жарыстарда жеңгенін, бірақ өзін шеттетіп,  жаттығу жиындарына шақырмағанын айтқан. Сосын амалсыз Өзбекстанға оралған. 

Ол Өзбекстан сапында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, екі мәрте қолаға қол жеткізген. 2016 жылғы Рио олимпиадасында үздік үштікке ілінеді.

Айтуынша, оған Өзбекстанда барлық жағдай жасалған.

Бұған дейін боксшы Қанат Ислам, грек-рим күресінен Әлнұр Төргеұлы Қытай атынан 2004 жылғы Афины олимпиадасына қатысқан.

Қанат Ислам 2008 жылғы  Бейжің олимпиадасына да қатысып, қола медаль алған.

Әлнұр Төргеұлы

Әлнұр Төргеұлы бапкерлікке бет бұрған. Қазір грек-рим күресі бойынша Қытай ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы.

Әлнұр Төргеұлы

2016 жылғы Рио олимпиадасында Ерланбек Кәтейұлы есімді тағы бір қазақ Қытай атынан өнер көрсетті. Ол 1990 жылы Қытайдың Алтай аймағында дүниеге келген. Ерланбек Кәтейұлы Қытайдағы қазақтар арасынан олимпиадаға жолдама алған үшінші қазақ.

Талғат Ілиясов

Рио олимпиадасында өзге ел атынан жарысқа шыққан қазақтардың бірі – Талғат Ілиясов.

Ол жарысқа еркін күрестен Австралия өкілі болып қатысқан. Талғат Өзбекстанда туған этникалық қазақ. Қарындастары қазіргі таңда Қазақстанда тұрып жатыр.

Мархабат Ілияс

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір