"Бірнеше бала түсіп кетіп көз жұмған арықтың беті ашық жатқанға көп жылдың жүзі болды" деп шағымданады Алматы облысы Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғындары.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, арықтың осылай ашық жатқанына 7-8 жыл болған. Оған жайылған мал, тіпті бірнеше кішкене бала түсіп, қаза тапқан. 

"Әкімшілікке айтқанымызбен, жылдар бойы сол күйінде тұр. 6 жыл бұрын жаңа компания арықтың бетін жабамыз деп жұмыс істеген. Бірақ тіпті де көп жерлерді ашық тастап кетті" дейді Мұрат есімді жергілікті азамат. Тұрғындар 500 метр аралықта арықтың кемі 3-4 жері ашық жатқанын, оның адам өміріне қауіпті екенін айтады.

Фото: Талғар ауданы, Бірлік ауылы, Жібек жолының бойындағы арықтың ашық жатқан жерлері

 

Ілмек сөздер: Талғар Бірлік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір