• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

19 Қазан, 00:10:10
Алматы
+7°

Бүгін ауыл әкімдерін сайлау қарсаңында Маңғыстау облысындағы «Азаматтық Альянс» үкіметтік емес ұйымның басшысы Жібек Ахметова пікір білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Биыл ауыл тұрғындары сайлауға белсенді қатысуы керек. Себебі, елде бірінші рет өтіп отыр. Екіншіден, көптен бері ел арасында «ауыл әкімдері дұрыс жұмыс істемейді», «ауылдың даму қарқыны төмен», «шешімі таппаған мәселе көп» дегенді жиі естиміз. Ал аталған мәселені шешуде ауыл әкімінің атқарар рөлі маңызды. Сондықтан ауыл тұрғындары бүгінгі мүмкіндікті жіберіп алмай, сайлауға жауапкершілікпен қатысуы қажет», - дейді Жібек Ахметова.

Оның айтуынша, аталған шара жергілікті тұрғындардың сайлауға қатысу мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Осы уақытқа дейін тұрғындар сайлаудағы дауысының маңызды екеніне назар аудармаған еді. Ал қазір әрбір ауыл тұрғынының дауысы мен таңдауы өте маңызды. Бүгінгі ауыл әкімі, ертеңгі аудан әкімі болуы да мүмкін. Сондықтан, біз, ауыл әкімдерін қаншалықты дұрыс сайласақ, болашақ та соншалықты жарқын болады. Сондай-ақ өз кезегінде өңірдің алға жылжуына, экономикасы мен әлеуметтік ахуалына септігін тигізері анық. Егер ауыл халқы өз әкімін сайлайтын болса, онда әкім жауапкершілік жүгін арқалап, тиянақты іс тындыруға тырысады. Халықтың таңдауымен сайланған әкім сол ауылдың дамуы үшін бар күш-жігерін жұмсайтыны сөзсіз. Яғни, әкімді сайлайтын да, сайланған соң есеп сұрайтын да халық екенін ұмытпайды», - дейді Жібек Ахметова.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жібек Ахметова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір