• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:17:19
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның Орталық Азия аймағының  тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылаған.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңызды екені атап өтілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Путин телефон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір