• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:47:28
Алматы
+35°

Қазақстанда үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйым 2021 жылғы 23 шілдеден бастап алынып тасталды. Осылайша, цементті клинкерлер, портландцемент, өзге де портландцемент, глиноземді цемент, гидравликалық цементтер үшінші елдерден жеткізіле алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

"Импортқа салынған тыйымды алып тастау батыс өңірлерде нарықты молықтырып, республика аумағында цемент өнімдерінің бағасы төмендейді. Отандық цемент өндірушілерді қолдау үшін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы 2021 жылғы 30 сәуірдегі №216 бұйрық шығарған еді. Алайда, қоғамда цемент бағасының өсуіне және оның ішкі нарықтағы жетіспеушілігіне қатысты мәселелер пайда болды. Осыған орай Министрлік сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына аталған тыйымды жою туралы бұйрық жобасын ұсынды. Үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйымды жою туралы бұйрық аккредиттелген ұйымдармен келісіліп, қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алғанын айта кету керек" делінген министрлік мәлімдемесінде.

Қазақстанда мамырдан бастап цемент бағасы айтарлықтай өскен. Мамырдың басында М-400 маркалы цементтің қабы 1100 теңгеден сатылса, қазір баға 1650-1700 теңгеден басталады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: цемент бағасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір