• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:36:53
Алматы
+35°

Шымкентте темір жол көпірінде тик-тоққа видео түсірмек болған жасөспірім қызды тоқ соғып, денесін түгел дерлік күйік шалған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Оқыс оқиға кеше шамамен сағат 22:00-де болған. Куәгерлердің сөзінше, 15 жастағы қыз көпір үстіндегі темір торға өрмелеп шығып, тик-токқа видео түсірмек болған. Қызды тоқ ұрған кезде құдды отшашу секілді болған. Кейін жасөспірімнің қатты қиналған дауысы шыққан. Бірақ сол маңның бәрінде жоғарғы кернеулі электор тоғы жүргізілгендіктен ешкім көмектесуге беттей алмаған. Тек төтенше құтқару қызметі келіп, электр энергиясын өшіргеннен кейін ғана күйіп қалған қызды төменге түсірген.

Жоғарғы кернеулі тоқ ұруы салдарынын қыздың денесіндегі сүйектерге дейін күйіп кеткен. Денесі мен ағзасының 91 пайызын күйік шалған ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандардың айтуынша, қыз аман қалған күннің өзінде мүгедек болып қалуы әбден мүмкін. Ал емдеу мен оңалту шаралары ұзақ уақытты қажет етеді.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір