• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:49:41
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Германия, АҚШ, Қытай биотехнологиялық компанияларының бірлескен өнімі саналатын Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын 12-18 жас аралығындағы балаларға салу жоспарланып отырғанын мәлім етті. Бұл туралы ол "Время" газетіне берген сұхбат барысында айтты.

Оның сөзінше, Pfizer 12-18 жас аралығындағы топқа салу ұсынылған жалғыз вакцина. Статистикаға сай, Қазақстанда осы жас мөлшеріне сәйкес келетін екі миллионнан астам бала бар.

Цой балаларға вакцина салу ата-аналардың келісімімен жүзеге асатынын, вакцина артылып жатса, үлкендерге де салынатынын айтты.

Сондай-ақ ол қазіргі таңда елде қолжетімді вакциналар сапасы жөнінен Pfizer-ден артық болмаса, кем емес екенін жеткізді.

– Pfizer күтіп жүргендер үшін басты критерий вакцина паспортының мойындалуы болып отыр. Алайда біздің өндірушілер бұл мәселемен белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тіркелген кезде көптеген мәселелер күн тәртібінен түседі. Коронавирус бізге уақыт қалдырмайтынын түсінуіміз керек. Қазір ковидпен ауырғандардың 98 пайызы вакцина салдырмағандар екенін көріп отырмыз. Сондықтан күтудің мәні бар ма? Еш мәні жоқ. Сіздер өздеріңізді қорғау мүмкіндігін жіберіп аласыздар. Адамдардың вакцина шынайы қорғаныс екенін түсінгені біз үшін аса маңызды. Әрине, нарықта бұдан да көбірек вакцина болғанын қалаймыз, бірақ бұл жерде бренд емес, тиімділік маңызды, –  дейді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір